"Қазпошта" АҚ аудандық филиалы қызметкерлерімен кездесу

"Қазпошта" АҚ аудандық филиалы қызметкерлерімен кездесу

Бүгін Бөкей ордасы ауданында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы аясында аудандық коалиция мүшелері аудандық «Қазпошта» АҚ қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, енгізілген өзгерістердің маңыздылығы және олардың ел дамуына, азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктеріне тигізер ықпалы жан-жақты түсіндірілді.

Жиынға қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Ашық форматта өткен кездесуде коалиция мүшелері пошта саласы қызметкерлерінің сұрақтарына нақты жауап беріп, референдумның тарихи маңызына тоқталды.

Мұндай кездесулер халықпен тікелей байланыс орнатуға, әр сала өкілдерінің ой-пікірін ескеруге және ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың белсенділігін арттыруға бағытталған.