Хан Ордасы ауылының тұрғындарымен кездесу

Хан Ордасы ауылының тұрғындарымен кездесу

Аудандық коалиция мүшелері Бөкей ордасы ауданына қарасты Хан Ордасы ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы аясында ұйымдастырылып, Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді.

Жиын барысында Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің ел дамуына қосар үлесі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтудағы маңызы, сондай-ақ өңірлердің дамуына берер мүмкіндіктері туралы айтылды.

Тұрғындар өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Ашық әрі мазмұнды өткен кездесу өзара пікір алмасу алаңына айналып, ел болашағына қатысты маңызды мәселелер талқыланды.