
Аудандық коалиция мүшелері ветеринария саласы қызметкерлерімен кездесті
Бөкей ордасы ауданында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» коалициясының ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Осы бағытта аудандық коалиция мүшелері ветеринария саласының қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізді. Жиын барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты түсіндірілді.
Кездесу барысында:
азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту;
ауыл шаруашылығы мен ветеринария саласына қатысты заңнамалық қолдау;
жергілікті өзін-өзі басқару тетіктерін дамыту;
мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен әділдігін арттыру мәселелері талқыланды.
Ветеринария саласы мамандары өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, саладағы өзекті мәселелерді көтерді. Коалиция мүшелері барлық ұсыныстар назарға алынатынын жеткізді.