
Коалиция өкілдері аудандық электр торабы мекемесінде қызметкерлермен кездесті.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі қағидаттары, әлеуметтік әділдік, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау және аймақтардың тұрақты дамуы мәселелері талқыланды. Электр энергетикасы саласының ел экономикасындағы маңызы атап өтіліп, сала қызметкерлерінің жауапты еңбегіне ерекше назар аударылды.
Жиын барысында инфрақұрылымды жаңғырту, еңбек қауіпсіздігін күшейту, жастарды техникалық мамандықтарға тарту және кадрлық әлеуетті арттыру бағытындағы ұсыныстар айтылды. Кездесу ашық әрі мазмұнды форматта өтіп, қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды.