Білім саласының қызметкерлерімен кездесу

Білім саласының қызметкерлерімен кездесу

 

Бөкей ордасы ауданында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» коалициясының ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасын тапты.

Жиын барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, оның қоғам өміріндегі маңызы мен болашақ ұрпақ үшін берер мүмкіндіктері кеңінен талқыланды. Қатысушылар заң үстемдігі, әділдік қағидаттары және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері төңірегінде ой бөлісті.

Коалиция өкілдері жастардың белсенділігі – ел болашағының кепілі екенін атап өтті. Әсіресе, жастардың саяси сауаттылығын арттыру, қоғамдық үдерістерге қатысуын күшейту және бастамашыл жобаларды қолдау мәселелері сөз болды.

Кездесу барысында еркін форматтағы пікір алмасу ұйымдастырылып, жастар өз ұсыныстары мен көзқарастарын білдірді. Олар қоғамдағы ашықтықты нығайту, мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз ету және ауыл жастары үшін жаңа даму алаңдарын қалыптастыру бағытында бірқатар бастама көтерді.

Жиын қорытындысында бірлік пен жауапкершілік қағидаттары ғана әділетті қоғам құрудың берік негізі болатыны атап өтілді.