
Сайқын ауылында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» коалициясының ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында білім саласы өкілдерімен және жастармен кездесу ұйымдастырылды.
Жиын барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, оның ел дамуына қосар үлесі және білім беру саласына қатысты жаңашыл тұстары кеңінен талқыланды. Қатысушылар заң үстемдігі, әділдік қағидаттары, педагог мәртебесі және жас ұрпақтың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Коалиция өкілдері білім мен тәрбие – мемлекет болашағының берік негізі екенін атап өтіп, ұстаздар қауымының қоғамдағы орны ерекше екенін жеткізді. Сондай-ақ жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, олардың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуына жағдай жасау мәселелері қозғалды.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныс-тілектерін білдірді. Әсіресе ауыл жастары үшін сапалы білімге қолжетімділік, кәсіби бағдар беру және жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру бағытында нақты бастамалар айтылды.
Жиын қорытындысында бірлік пен ортақ жауапкершілік қағидаттары әділетті әрі прогрессивті қоғам қалыптастырудың басты кепілі екені атап өтілді.