Бөкей ордасы ауданында ауыл шаруашылығы саласы өкілдерімен кездесу өтті

Бөкей ордасы ауданында ауыл шаруашылығы саласы өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін Бөкей ордасы ауданы аумағында жалпы халықтық коалиция мүшелерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерімен маңызды кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге ветеринариялық станция мен ветеринариялық зертхана мамандары, ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері және шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты.

Жиын барысында жаңа Конституцияның негізгі бағыттары мен енгізілген өзгерістер жан-жақты түсіндірілді. Коалиция мүшелері Ата Заңдағы жаңашылдықтардың басты мақсаты – халықтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін нығайту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және әділетті қоғам қалыптастыру екенін атап өтті.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әсіресе агроөнеркәсіп саласын дамыту, мемлекеттік қолдау шаралары, жергілікті басқару және сала мамандарының әлеуметтік жағдайы секілді мәселелер кеңінен талқыланды.

Іс-шара барысында алдағы саяси науқанның маңыздылығы түсіндірілді.

Кездесу соңында коалиция мүшелері ауыл шаруашылығы саласы өкілдерін ел болашағына бейжай қарамай, маңызды шешімдер қабылдауда белсенділік танытуға шақырды.