
Бүгін Сайқын ауылында жалпы халықтық коалиция мүшелерінің қатысуымен бюджеттік сала қызметкерлерімен маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Жиын барысында жаңа Конституцияның негізгі бағыттары мен енгізілген өзгерістер жан-жақты түсіндірілді. Коалиция мүшелері Ата Заңдағы жаңашылдықтардың басты мақсаты – халықтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін нығайту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және әділетті қоғам қалыптастыру екенін атап өтті.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әсіресе әлеуметтік қолдау, жергілікті басқару жүйесін дамыту, азаматтардың саяси үдерістерге қатысу мүмкіндігін кеңейту мәселелері кеңінен талқыланды.
Іс-шара барысында алдағы саяси науқанның маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.
Кездесу соңында коалиция мүшелері барша азаматтарды ел болашағына бейжай қарамай, маңызды шешімдер қабылдау кезінде белсенділік танытуға шақырды.