
Осы тақырып аясында 4 ақпан күні аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиеваның төрағалығымен өткен жастармен кездесуіне аудандық мәслихат депутаттары да қатысты. Кездесу барысында жастарды жұмыспен қамту, еңбек нарығындағы өзекті мәселелер, кәсіби даму жолдары және еңбекке жауапкершілікпен қараудың маңызы кеңінен талқыланды.
Шара барысында жастар өз ой-пікірлерін ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Депутаттар тарапынан нақты жауаптар беріліп, пайдалы кеңестер айтылды.