
Бүгін, 3 ақпан күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Бөкей ордасы аудандық мәслихатының әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау, білім беру, отбасы, балалар мен аналар, экология жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысын аудандық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Асылбек Нұралиев жүргізді. Аталмыш жиынға аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудан әкімінің орынбасары Азамат Мұхамбетжанов, аудандық мәслихат депутаттары және тиісті сала басшылары, ауылдық округтер әкімдері (офлайн, онлайн) қатысты. Күн тәртібінде төмендегіше мәселелер қаралды:
Онкологиялық және туберкулез ауруларын алдын-алу, ауруларды есепке қою және емдеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы;
Хабарламашы: Сапаров Ә.А. – аудандық аурухананың бас дәрігері;
Хабарламашы: Дәуленов Д.Ж. – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;
Хабарламашы: Оз И.А. – аудандық мансап орталығының директоры.
Тұрақты комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттарының ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, тиісті сала басшыларына хаттамалық ұсыныстар берілді.