
Бүгін, 30 қаңтар күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңесті аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қуаныш Елемесов жүргізді. Кеңес отырысына аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары және ауылдық округтер әкімдері мен тиісті сала басшылары (онлайн және офлайн режимінде) қатынасты. Күн тәртібінде төмендегіше мәселелер қаралды:
Хабарламашы: Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлы – аудан әкімі;
Хабарламашы: Елемесов Қуаныш Елеуұлы – аудандық қоғамдық кеңес төрағасы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімі мен қоғамдық кеңес төрағасының есептерін тыңдаған қоғамдық кеңес мүшелері аудан әкіміне сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдіріп, атқарылған жұмыстарына оң бағаларын берді.