
Қымбатты жерлестер!
Келе жатқан Жаңа 2026 жылға арналған жүрекжарды құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Жаңа жыл әрқайсысымыз үшін жарқын үміт, тың бастама мен жаңа мүмкіндік күтетін уақыт. Біз бұл мерекені ерекше ықыласпен күтеміз, өткен жылды түйіндеп, қол жеткізілген мақсаттарымыз бен жүзеге асырылған ойларымызды сараптаймыз.
Қадірлі жерлестер!
Әрбір қол жеткізген жетістігіміз – Сіздердің зор еңбектеріңіздің жемісі.
2025 жылды нәтижелі аяқтап, Киелі де қасиетті өңіріміздің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін!
Жаңа 2026 жыл Сіздерге жақсылық, отбастарыңызға амандық, мол ырыс-несібе әкелсін!
Берекеміз арта берсін!
Еліміз еңселі, халқымыз бейбіт, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
Жаңа жыл құтты болсын, ардақты жерлестер!
Құрметпен,
Бөкей ордасы аудандық
мәслихат төрағасы
Лариса Қайырғалиева