Қоғамдық кеңес отырысы

Қоғамдық кеңес отырысы

Бүгін, 30 желтоқсан күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңесті аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қуаныш Елемесов жүргізді. Кеңес отырысына аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудан әкімінің орынбасары Аазамат Мұхамбетжанов, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары және ауылдық округтер әкімдері мен тиісті сала басшылары (онлайн және офлайн режимінде) қатынасты. Күн тәртібінде төмендегіше мәселелер қаралды:

  1. 2026-2030 жылдарға арналған Бөкей ордасы ауданының даму жоспары туралы;

Хабарламашы: Абдуллина Раушан Шәйдукқызы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы;

         Бөкей ордасы аудандық Қоғамдық кеңесінің 2026 жылға арналған жоспары туралы.

Хабарламашы: Елемесов Қуаныш Елеуұлы – аудандық қоғамдық кеңес төрағасы.

    Күн тәртібіндегі  мәселе бойынша 2026-2030 жылдарға арналған Бөкей ордасы ауданының даму жоспарының жобасы бірауыздан мақұлданып, аудандық мәслихаттың сессиясына бекітуге жолданды.