Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кезекті 34-ші сессиясы

Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кезекті 34-ші сессиясы

Бүгін 25 желтоқсан күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында   Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кезекті  34-ші сессиясы өтті. Сессия жұмысын аудандық мәслхат төрағасы Лариса Қайырғалиева жүргізді. Сессияға аудан әкімінің орынбасары Азамат Мұхамбетжанов, аудандық мәслихат депутаттары, тиісті сала басшылары және ауылдық округтер әкімдері (офлайн, онлайн) қатысты. Сессияның күн тәртібіне төмендегіше мәселелер ұсынылды:

  1. Бөкей ордасы аудандық мәслихат төрағасының есебі

Хабарламашы: Қайырғалиева Л.Т. – Бөкей ордасы аудандық мәслихат төрағасы;

  1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы;

Хабарламашы: Абдуллина  Р.Ш. – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы;

  1. Аудандық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы

Хабарламашы: Айтқалиев Е.Ж. – аудандық мәслихат аппаратының басшысы.

    Күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, аудандық мәслихат депутаттары ұсынылған мәселелердің шешімдерін бірауыздан бекітті.