
Ағымдағы жылдың 24 желтоқсан күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңесті аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қуаныш Елемесов жүргізді. Кеңес отырысына аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары және ауылдық округтер әкімдері мен тиісті сала басшылары (онлайн және офлайн режимінде) қатынасты. Күн тәртібінде төмендегіше мәселелер қаралды:
Хабарламашы: Абдуллина Раушан Шәйдукқызы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
Хабарламашы: Сапаров Әнуар Айдарұлы – аудандық аурухана бас дәрігері;
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық бюджет шешімінің жобасы мақұлданды, екінші мәселе бойынша – кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, тиісті мекеме басшылары мен ауылдық округтер әкімдеріне хаттамалық ұсыныстар берілді.