ҚҰТТЫҚТАУ

ҚҰТТЫҚТАУ

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі, елдігіміздің тұмары – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – дәуір мен уақыттың бізге берген үлкен сыйы, халқымыздың мәңгілік құндылығы.
       Жер бетіндегі қай халық үшін де тәуелсіздіктен биік ұлы мұрат жоқ. Еліміздің Тәуелсіздігі – ұлтымыздың ежелден еркіндік аңсаған асқақ рухының және ұлт тарихындағы барлық азаттық үшін болған күрестердің көк байрақты жеңісі.
      Біз Тәуелсіздігіміздің тағы бір жаңа парақтарын ашар тұста азат ел екенімізді, өткеніміз өнегілі, келешегіміз кемел екендігін зор мақтанышпен айтамыз. Сондықтан да, кешегі өткен бабаларымыздың асыл арманы болған Тәуелсіздікті қанша дәріптесек те артық емес. Ұлы мерекені ұлықтау ел болып еңсе тіктегінімізді көрсетеді. Қазақ үшін қандай да бір мереке болмасын оның бастауында – Тәуелсіздік күні тұрады.
      Ендеше, қазақтың арманы мен мүддесін, елдігі мен еңбегін бағалау жолында бәріміз жұмыла еңбек етуіміз қажет. 
Баршаңызды ұлық мерекеміз –Тәуелсіздік күнімен тағы да құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін! 
      Қазақ елінің Тәуелсіздігі ғұмырлы, Туымыз тұғырлы болсын!

      Мереке құтты болсын!

Игі тілекпен:

Бөкей ордасы аудандық

мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева