
Бүгін 5 желтоқсан күні аудан басшысы Нұрлыбек Даумов II жартыжылдық есеп аясында Мұратсай ауылында жергілікті тұрғындармен кездесті.
Аудан басшысымен қатар есеп беру шарасына аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, «Атамекен» палатасының аудандық филиалының директоры, аудандық мәслихат депутаты Бибігүл Жұмағұлова, аудандық мәслихат депутаты Асылбек Нұралиев, АПб бастығының бірінші орынбасары Дәурен Сертеков, аудандық аурухана директорының міндетін атқарушы Мәдина Нүркенова, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сүйінбек Хайроллин, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Руслан Карин, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының у.м.а Талғат Анесов және сол бөлімнің бас маманы Жасұлан Мұхитов, аудандық мансап орталығының директоры Исатай Оз қатысты.
Әдетке сай жиын округ әкімінің есебінен басталды. Аудан көлемінде атқарылған жұмыс бойынша ақпаратпен Нұрлыбек Жасқайратұлы өзі таныстырды.
Есеппен қатар ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері тыңдалды.
Есептік кездесудің негізгі бөлігі аяқталған соң аудан басшысы Н.Даумов бастаған сала басшылары жергілікті тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.