Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кезектен тыс 32-ші сессиясы

Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кезектен тыс 32-ші сессиясы

     Бүгін 2 желтоқсан күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында   Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кезектен тыс 32-ші сессиясы өтті. Сессия жұмысын аудандық мәслхат төрағасы Лариса Қайырғалиева жүргізді. Сессияға аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудан әкімінің орынбасары Азамат Мұхамбетжанов, аудандық мәслихат депутаттары, тиісті сала басшылары және ауылдық округтер әкімдері (офлайн, онлайн) қатысты. Сессияның күн тәртібіне төмендегіше мәселелер ұсынылды:

  1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №25-4 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

Хабарламашы: Р.Ш.Абдуллина – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы;

  1. Бөкей ордасы ауданы әкімдігі және полиция бөлімінің міндеттері мен қызметін бағалау критерийлерін бекіту туралы;

Хабарламашы: Н.Н.Бисекенов – аудан әкімі аппаратының бас инспекторы;

  1. Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 24 қарашадағы №159 «Аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңесін құру туралы» қаулысымен құрылған комиссия құрамы және ережесін бекіту туралы

 Хабарламашы: Н.Н.Бисекенов – аудан әкімі аппаратының  бас инспекторы.

    Күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, аудандық мәслихат депутаттары ұсынылған мәселелердің шешімдерін бірауыздан бекітті.