Тұрақты комиссия отырысы

Тұрақты комиссия отырысы

  

    Бүгін аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Бөкей ордасы аудандық мәслихатының ауданның экономикалық дамуы, ауылды дамыту, бюджетті орынды пайдалану, құқық қорғау, қоғамдық тәртіп сақтау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысын аудандық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Бибігүл Жұмағұлова жүргізді. Аталмыш жиынға аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов, аудан әкімі аппаратының басшысы Асқар Әжіғалиев, аудан прокуратурасының прокуроры Руслан Шәкіржанов, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қуаныш Елемесов және тиісті сала басшылары мен ауылдық округтер әкімдері қатысты. Күн тәртібінде төмендегіше мәселелер қаралды:

  1. Аудан бойынша қоғамдық тәртіптің сақталуы және қылмысқа қарсы күрестің жағдайы туралы;

Хабарламашы: Д.Ж.Сертеков – аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары;

  1. Бөкей ордасы ауданы әкімдігі және полиция бөлімінің міндеттері мен қызметін бағалау критерийлерін бекіту туралы;

Хабарламашы: Н.Н.Бисекенов – аудан әкімі аппаратының                      бас инспекторы;

  1. Қыс мезгіліндегі сақтық шаралары және өрт қауіпсіздігін сақтаутуралы;

      Хабарламашы: Қ.Б.Еркінәлиев – аудандық төтенше жағдайлар

                                                          жөніндегі бөлімнің бастығы;

  1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №25-4 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Р.Ш.Абдуллина – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

  Тұрақты комиссия отырысында қаралған екінші және төртінші мәселелер бойынша шешімнің жобасы мақұлданып, аудандық мәслихаттың сессиясына бекітуге жолданса, қалған екі мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаттарының ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына хаттамалық ұсыныстар берілді.