Орал қаласындағы баспасөз конференциясы

Орал қаласындағы баспасөз конференциясы

  «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен аумақтық партия филиалдарының атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттерін саралауға арналған баспасөз брифингтері басталды.

Бүгін 27 қараша күні Орал қаласында өткен брифингке аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жалғас Ташуов және аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Қуаныш Елемесов қатысты.

Брифингте партияның Бөкей ордасы аудандық филиалының атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасалды. Іс-шара барысында партияның аудан бойынша жүзеге асқан жобалары, әлеуметтік бастамалар және алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды.

Баспасөз брифингінде әр қатысушы ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. Оның ішінде 10 ай қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстармен қатар, «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған жол картасының орындалуы, партиялық бақылау комиссиясының тұрғындар өтінішіне сәйкес атқарған жұмыстары атап көрсетілді.