
Ағымдағы жылдың 11 қараша күні аудандық мәслихат депутаты Қайрат Насимуллин ауыл тұрғындарымен кездесіп, кезекті қабылдауын өткізді. Кездесу барысында Сайқын ауылының әлеуметтік, коммуналдық және инфрақұрылымдық жағдайына қатысты бірқатар маңызды мәселелер көтерілді.
Ауыл азаматтарының белсенділігі мен туған жерге деген жанашырлығы ерекше қуантады. Әр айтылған ұсыныс – ауылымызды көркейтуге бағытталған нақты ой, шынайы қамқорлық.
Көтерілген мәселелер:
1. Ескі спорт мектебі ғимаратының жағдайы;
2. Орталықтағы мәйітхана мен базар аумағындағы тазалық;
3. Құдықтардың люктарын бекіту мәселесі;
4. Газ қызметінің техникалық бақылауы;
5. Балалар алаңдарының қажеттілігі;
6. Қоқыс шығару және жинау жұмыстары;
7. Жаяу жол қатынау қиындығы;
8. Көше жарығының жоқтығы.
Кездесуде айтылған барлық мәселелер хаттамаға енгізіліп, тиісті мекемелер мен бөлімдерге жолданатын болады. Әрбір ұсыныс пен шағымның шешілу барысы бақылауда болады.
Ауыл тұрғындарының белсенділігі мен туған жерге деген жанашырлығына алғыс айтамыз!