
Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Азамат Мұхамбетжанов Бөкей ордасы аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Ақмарал Фатихқызы Жанғалиеваның зейнеткерлікке шығуына байланысты салтанатты қабылдау өткізді.
Іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық бөлімдердің басшылары, қазынашылық басқармасының ұжымы, Бөкей ордасы аудандық ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Ақмарал Фатихқызы 1964 жылдың 1 қарашасында Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, Көктерек ауылында дүниеге келген.
1987 жылы Н.И. Вавилов атындағы Саратов ауыл шаруашылық институтын «Экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру» мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын Ресей Федерациясының Тула облысындағы «Литвиновский» совхозында бас экономист болып бастаған.
Өзінің бүкіл саналы ғұмырын экономика мен қаржы саласына арнаған Ақмарал Фатихқызы 1995 жылдан бері мемлекеттік қазынашылық жүйесінде абыроймен еңбек етіп келеді. 2007 жылдан бастап аудандық қазынашылық басқармасы басшысының орынбасары, ал 2019 жылдан бері басқарма басшысы қызметін атқарып келеді.
42 жылдан аса еңбек өтілінің 36 жылын мемлекеттік қызметке арнаған білікті маманның еңбек жолы жас буынға үлгі.
Салтанатты шарада Азамат Ермекұлы аудан әкімінің атынан құттықтау хат табыстап, мерейтой иесіне камзол кигізді. Сондай-ақ Лариса Тельманқызы, аудан ардагерлері мен әріптестері жылы лебіздерін білдіріп, ізгі тілектерін арнады.
Іс-шара соңында Ақмарал Фатихқызы көрсетілген құрмет пен ыстық ықылас үшін аудан әкімдігіне және әріптестеріне өз