Тұрақты комиссия отырысы

Тұрақты комиссия отырысы

 

     Бүгін аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Бөкей ордасы аудандық мәслихатының ауданның экономикалық дамуы, ауылды дамыту, бюджетті орынды пайдалану, құқық қорғау, қоғамдық тәртіп сақтау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысын аудандық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы Бибігүл Жұмағұлова жүргізді. Аталмыш жиынға аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қуаныш Елемесов және тиісті сала басшылары мен ауылдық округтер әкімдері қатысты. Күн тәртібінде төмендегіше мәселелер қаралды:

  1. «Аудандық жер қатынастары бөлімінің  2025 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы»

              Хабарламашы: Карин Руслан Ғабділманұлы – аудандық жер қатынастары 

                                                            бөлімінің басшысы;

  1. «2025 жылдың 9 айында ауданда шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларының орындалуы және алдағы жоспарлары туралы» 

     Хабарламашы: Хайруллин Сүйінбек Жексенбайұлы – аудандық   

                               кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің

                               басшысы;

  1. Құм тоқтату бағытындағы атқарылып жатырған жұмыстар туралы. Ауылдық округтерге бөлінген ағаш көшеттері туралы

          Хабарламашы: Ғазезов Артур Оқасұлы - Орда орман және

                        жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-інің директоры;

  1. 2025 жылдың 8 сәуіріндегі №3 хаттамалық ұсынбада көрсетілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы (республикалық және облыстық маңызы бар автомобильдер жолдарының жиектеріне ағаш көшеттерін отырғызуды ұйымдастыру)

Хабарламашылар: Абдуллин Шыңғыс Тұрарбекұлы - Сайқын а/о әкімі;

                              Ғабдолла Бекзат Самалұлы  – Бисен а/о әкімі

                                                                             аппаратының бас маманы;

                                    Махимов Ғайса Темірболатұлы – Орда а/о әкімі

   Тұрақты комиссия отырысында қаралған мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттарының ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, ауылдық округ әкімдері мен тиісті сала басшыларына хаттамалық ұсыныстар берілді.