ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ БӨКЕЙЛІКТЕРМЕН ЖҮЗДЕСУ

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ БӨКЕЙЛІКТЕРМЕН ЖҮЗДЕСУ

Қазақ әрқашанда «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп үлкенін қадір тұтқан. Қазыналы қарттарды ардақтау, оларға құрмет көрсету жас ұрпақ үшін қалыптасқан заңдылық.

Мейірбандық айлығы аясында бүгін - 9 қазан күні аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов, жауапты бөлім басшылары және аудандық мәдениет саласының өкілдерімен бірге Орал қаласындағы бөкейліктермен жүздесті.

Алдымен аудан басшысы Нұрлыбек Жасқайратұлы ауданның сәлемі мен ыстық ықыласын жеткізіп, өлкеде атқарылып жатырған жұмыстар мен оң өзгерістерге тоқталды. Сондай-ақ, жаз айында өткен облыстық спартакиада аудан намысын қорғап, волейболдан жеңіс тұғырынан көрінген команда мүшелеріне аудан жұртшылығы атынан «Алғыс хат» табыс етті.

Қасиетті Нарында туып, киелі өлкенің топырағынан нәр алып, туған жердің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін абыройлы еңбек атқарған кездесуге қатысушы қаладағы бөкейліктер арнайы уақытын бөліп жүздесуге келген аудан басшылығына алғыстарын білдірді.