Ұстаздарды құттықтау!

Ұстаздарды құттықтау!

Қадірменді ұстаздар!

    Сіздерге «Ұстаздар күніне» орай аудандық мәслихат депутаттары атынан жолдаған құттықтауымды қабыл алыңыз.

    Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

    Сіздерге келешекте мықты денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізде шығармашылық табыстар тілеймін. Әрқашанда жолдарыңыз қуатты, өмірлеріңіз шуақты болсын.

     Құрметпен,

     Бөкей ордасы аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева