Бүгін, 1 қазан – Халықаралық қариялар күніне орай, «Бөкей ордасы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ауданымызда ерекше спорттық шара өтті. Жас ерекшеліктеріне қарамастан белсенді өмір салтын ұстанып жүрген қазыналы қарияларымыз бильярд, үстел теннисі және дойбыдан жарысқа қатысып, мерекелік күндерін мәнді өткізуге атсалысты.
Шараның ашылуында аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева ардагерлерімізге ізгі лебізін білдіріп, оларға ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулық тіледі. Сондай-ақ, «Бөкей ордасы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, мұндай шаралардың үлкен буын өкілдерін біріктіріп, көңіл сергітуге, ортақ әңгіме-дүкен құруға жол ашатынын атап өтті.
Жарыс қорытындылары бойынша:
Үстел теннисі:
І орын – Төлеміс Ғиылманов
ІІ орын – Марат Қадешов
ІІІ орын – Қуаныш Елемесов
Бильярд:
І орын – Нұржан Темірбаев
ІІ орын – Бекетай Еркеғалиев
ІІІ орын – Төлеміс Ғиылманов
Дойбы:
І орын – Төлеміс Ғиылманов
ІІ орын – Уағиолла Нұрғалиев
ІІІ орын – Жарылхас Өтешқалиев
Жарыс қорытындысында жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталып, ардагерлердің қуанышы еселене түсті.
Бұл шара ардагерлердің қоғамдағы белсенділігін арттыруға ықпал еткен игі іс-шара болды