Халықаралық қариялар күніне орай аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева және мәслихат аппаратының басшысы Ержан Айтқалиев Сайқын ауылының тұрғыны, еңбек ардагері, көп балалы ана Нұрғалиева Рауила апаның шаңырағында болып, мерекемен құттықтап, қал-жағдайын біліп шықты.
Өнегелі ұрпақ тәрбиелеп, ауданымыздың дамуына өзіндік үлес қосқан әжемізге деніне саулық, отбасына амандық, ғұмырлы жас тілейміз.