Ағымдағы жылдың 17 қыркүйек күні аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева және аудандық мәслихат депутаттары Бибігүл Жұмағұлова, Жалғас Ташуов аудандық балалар кітапханасында болып, ұжыммен кездесті. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған негізгі бағыттарды талқылап, оның жүзеге асырылу маңыздылығына тоқталды. Кітапхана қызметкерлері де өз ой-пікірлерін ортаға салып, Жолдаудағы басымдықтардың ел дамуына қосар үлесі жайлы пікір алмасты.
Сонымен қатар, «Асқар» шағын маркетіне барып, тұрғындармен тілдесті. Жергілікті халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сауда саласындағы мәселелер мен оларды шешу жолдары жөнінде әңгімелесті.