«Т.Масин» БПҰ –да Президент Жолдауы талқыланды

«Т.Масин» БПҰ –да  Президент Жолдауы талқыланды

Бүгін «AMANAT» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының «Т.Масин» бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы талқыланды.

Бөрлі ауылында өткен іс-шараға  аудандық мәслихат депутаты Айнұр Абдрешова қатысып, Жолдаудағы негізгі бағыттар мен бастамаларға тоқталды. Сондай-ақ бастауыш партия ұйымының төрайымы Айнұр Мұратқызы Жолдаудың ел дамуы мен қоғам өміріндегі маңызын атап өтіп, өз пікірін білдірді.

Кездесу барысында сайланған округтер бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп беріліп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты шаралар таныстырылды.

Жиын қорытындысында қатысушылар Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыру жолында белсенділік танытуға шақырды.