Бүгін аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков Сайқын ауылының тұрғыны, саналы ғұмырын есеп саласына арнаған Ахамия Еркіналиеваның үйіне арнайы барып, мерейлі 80 жасымен құттықтап, ақжарма лебіздерін білдірді.
Ахамия Ғұбайдинқызы туған күнін елеусіз қалдырмай құттықтап келген барша жандарға алғысын жаудырып, ел бүгіні мен ертеңі жарқын болсын деген тілегін жеткізді.