Бүгін 17 қыркүйек күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кезектен тыс 31-ші сессиясы өтті. Сессия жұмысын аудандық мәслхат төрағасы Лариса Қайырғалиева жүргізді. Сессияға аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихат депутаттары, тиісті сала басшылары және ауылдық округтер әкімдері (офлайн, онлайн) қатысты. Сессияның күн тәртібіне төмендегіше мәселелер ұсынылды:
- Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №26-1 «2025-2027 жылдарға арналған Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Хабарламашы: Әнесова Л.Е. – Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
- Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №26-2 «2025-2027 жылдарға арналған Бөкей ордасы ауданы Орда ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Хабарламашы: Сариев Қ.С. – Орда ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
- Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №26-3 «2025-2027 жылдарға арналған Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Хабарламашы: Хубиев А.Б. – Бисен ауылдық округі әкіміаппаратының бас маманы;
- Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №26-5 «2025-2027 жылдарға арналған Бөкей ордасы ауданы Саралжын ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Хабарламашы: Кереш Н.С. – Саралжын ауылдық округінің әкімі;
- Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №26-6 «2025-2027 жылдарға арналған Бөкей ордасы ауданы Темір Масин ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Хабарламашы: Рашқалиев Қ.Е. – Темір Масин ауылдық округінің әкімі;
- Бөкей ордасы аудандық мәслихатының «Бөкей ордасы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2024 жылғы 10 маусымдағы № 18-5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
Хабарламашы: Айтқалиев Е.Ж. – аудандық мәслихат аппаратының басшысы;
- Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 маусымдағы №66 «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулысын бекіту туралы.
Хабарламашы: Бисекенов Н.Н. – аудан әкімі аппаратының бас инспекторы.
Күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, аудандық мәслихат депутаттары ұсынылған мәселелердің шешімдерін бірауыздан бекітті.