Бүгін аудан әкімі Нұрлыбек Даумов зейнет жасына толған Нұрлыбек Хамзинді арнайы қабылдап, қуанышымен бөлісті.
Естеріңізге сала кетсек, Нұрлыбек Жексенбайұлы сонау 1978 жылы қарапайым жұмысшы боп еңбек жолын бастаған екен. Кейін қожалық жетекшісі боп, кәсіпкерлік салада да бақ сынады. Мемлекеттік қызметке өтіп, статистика басқармасының маманы, санақ бойынша уәкіл, ауыл шаруашылығы бөлімінде жетекші маман боп қызмет жасады. Күні бүгінге дейін аудандық мәслихат аппаратында бас маман боп қызмет атқарып келеді.
- Нұрлыбек Жексенбайұлы, сабырлы, салмақты мінезіңізбен, өз міндетіне жауапкершілікпен қарайтын ұқыптылығыңызбен жас буынға үлгісіз. Мінсіз қызметіңіз үшін алғысымды айтып, деніңізге саулық, шаңырағыңызға шаттық тілеймін, - деп, мерейтой иесінің иығына шапан жауып, алғыс хатын табыстады.
Сонымен бірге аудан басшысы Нұрлыбек Хамзинге облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаевтың атынан алғыс хат табыстады.
Аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков, аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы Раушан Абдуллина мен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сүйінбек Хайруллиндер де қуаныш иесіне жүрек жарды тілектерін арнап, Нұрлыбек ағамыздың кісілік қасиеттерін айтып, мерейін тасытты.