ЕҢБЕК АРДАГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ЕҢБЕК АРДАГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков Сайқын ауылының тұрғыны, тыл ардагері Егінғали Мақсотовты торқалы 90 жасымен құттықтады. Құттықтай келген меймандар ауданның мал шаруашылығы саласында еселі еңбек еткен, 1952 жылы «Капустин Яр» полигонына байланысты Оңтүстік Қазақстанның Жетісай ауданына еріксіз көшіріліп, кейіннен сағынышпен қайта оралған ақсақалға отбасының амандық пен деніне саулық тілеп, жылы лебіздерін білдірді.