ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫНЫҢ ЕЛГЕ САПАРЫ

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫНЫҢ ЕЛГЕ САПАРЫ

Бүгін ауданымызға арнайы сапармен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Сәрсенғалиев келді. Мейманды аудан әкімінің міндетін атқарушы Кенесары Нұршинов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Жалғас Ташуов күтіп алып, бүгінгі таңдағы өзекті саналатын облыстық маңызға ие «Чапаев-Жаңақала-Бисен» автожолының және Хан Ордасы ауылына қатынайтын 21 шақырымды кірме жолдың құрылыс жұмыстарымен таныстырды.

Өз кезегінде, Нартай Аралбайұлы күрежолдардағы құрылыстың қарқынын көріп, жұмысты жүргізіп жатырған жауапты мердігерлер өкілдерімен кездесіп, аяқталуын қалың ел күтіп отырған жұмысты сапалы жүргізіп, қарқынды күшейту қажеттігін айтты.

Халық қалаулысы аудандағы басқа да әлеуметтік объектілерді аралап, аудан тұрғындарымен кездесетін болады.