Ағымдағы жылдың 16 маусым күні Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті 18-ші сессиясы өтті.
Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиевтің, облыс әкімінің орынбасарлары Тлепберген Каюповтың, Қалияр Айтмұхамбетовтың, Орал қаласының әкімі М.Байменовтың, облыстық мәслихат депутаттарының, аудандық мәслихат төрағаларының, мемлекеттік мекеме басшыларының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаевтың төрағалығымен кезекті 18-ші сессия өткізілді. Сессия жұмысына Бөкей ордасы аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева да қатысты.