АҚ ХАЛАТТЫ, АБЗАЛ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

АҚ ХАЛАТТЫ, АБЗАЛ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

Жыл сайын маусымның әр үшінші жексенбісінде елімізде медицина қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Халықпен біте қайнасқан қастерлі еңбек иесі - медицина қызметкері болу мәртебелі әрі жауапты мамандық. Бұл мереке дертке шипа, денге саулық сыйлайтын осы бір ардақты мамандық иелерінің еңбектері еленетін күн.

Кәсіби мерекеге орай, бүгін аудандық мәдениет үйінде «Денсаулық сақшыларына мың алғыс» атты мерекелік концерт атты мерекелік концерт өтті. Ақ халатты, абзал жандар аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов аудан әкімі мен тұрғындар атынан мерекемен құттықтап, тұрғындарының денсаулығын жақсарту жолындағы қажырлы еңбектері бен игілікті істеріне алғысын білдірді.

Одан әрі аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Жалғас Ташуов, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысы Медет Қаресов, аудандық аурухана директоры Әнуар Сапаров әр салада жетістікке жетіп, еңбегімен еленген денсаулық сақшыларына құттықтау хаттарын табыс етті.

Ресми марапаттаудан соң, аудандық аурухана және аудандық демалыс орталығы көркемөнерпаздарының бірлескен концертіне ұласты.