ТҰҢҒЫШТАР МЕКЕНІНЕ ЭКСПЕДИЦИЯ

ТҰҢҒЫШТАР МЕКЕНІНЕ ЭКСПЕДИЦИЯ

      Осындай атаумен ауданымызға Қаратөбе ауданының әкімі Қ.Сүйеуғалиев бастаған, аудандық мәслихат төрағасы Н.Мендешов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Қыдырашев қостаған бір топ қаратөбелік ауданының ардагерлері келді. Елге келген меймандарды аудан әкімі Н.Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Л.Қайырғалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Арыстанбеков, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қ.Елемесов тұңғыштардың отаны саналатын Хан Ордасы ордасы ауылының кіреберіс қақпасынан күтіп алып, «қош келдіңіз» айтты.

    Қасиетті өлкенің тарихымен танысу, өзара әріптестік қарым-қатынасты нығайту, тәжірибе алмасуға келген делегация алдымен хан Жәңгір, Дәулеткерей мен М-С.Бабажановтың басына барып, зиярат етті. Кейін Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ескерткіштерге гүл шоқтарын қойып, «Бірлігі бекем, тірлігім көркем» атты дөңгелек үстел басында қос ауданда атқарылып жатырған жұмыстар ортаға салынып, екі ауданның ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағалары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

   Арнайы экспедициямен келген меймандар Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей қорығында болып, өлкенің тарихымен танысты.