«AMANAT» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Л.Қайырғалиева, Ж.Ташуов, Бөкей ордасы аудандық білім беру бөлімінің басшысы Н.Омарова және Бөкей ордасы аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Ж.Гумаров 2025 жылға арналған Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңес жұмыс жоспарының 5-тармағына сәйкес, Бөкей ордасы аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында қауіпсіздік, асхана, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділік, ғимарат маңайындағы ашық люктер, лагерь демалушыларына жасалған жағдай және т.б. мәселелер мониторинг парағындағы тізімге сәйкес қаралды.
Мониторинг барысында қауіпсіздікке байланысты кемшіліктер анықталған жоқ, мониторинг парағындағы тізімге барлық талаптар сәйкес келеді.