«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы базасынан «Арай» лагері биылғы жылғы алғашқы маусымын бастады. Лагерьдің ашылуымен аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нуршинов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Жалғас Ташуов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Нұргүл Омарова арнайы құттықтай барып, жақсы жазғы демалыс болсын деген тілектерін жеткізді.
Аудандық лагерь І лекті 35 баламен бастап отыр.