Адамзаттың ұрпақтан ұрпаққа қалдырар ұлы мұрасы – мәдениеті мен өнері.
Тәуелсіз еліміздің рухани байлығын арттырып, ертеден келе жатқан асыл мұрамызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде, төл өнерімізді қалың бұқараға жеткізуде мәдениет пен өнер саласы өкілдерінің алар орны ерекше.
Бүгінде мәдениет қызметкерлері ұлттық өнерімізді дәріптеп, халықты өнерімен сусындатып, рухани қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізуде аянбай еңбек етуде.
Ағымдағы жылдың 29 мамыр күні аудан орталығында жылдағы дәстүрге сай мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтілді.
Салтанатты шараға аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нуршинов, бірқатар аудандық мекеме басшылары мен сала ардагерлері, мәдениет қызметкері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Алдымен аудан әкімі Нұрлыбек Даумов мәдениет майталмандарын кәсіби мерекесімен құттықтап,
бірқатар жетістікке жеткен сала қызметкерлерін марапаттады.
Одан әрі шараға қатысушы меймандармен қатар аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева да өзінің жүрекжарды лебізін білдіріп, алғыс хаттар табыстады.
Кеште жыл бойы алдыңғы қатардан көрінген қызметкерлер мен мәдениет ошақтары түрлі номинациялар бойынша марапатталды.