Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңесті аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қуаныш Елемесов  жүргізді. Кеңес отырысына аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева,  аудандық қоғамдық кеңес мүшелері және ауылдық округтер әкімдері мен тиісті сала басшылары (онлайн және офлайн режимінде) қатынасты. Күн тәртібінде төмендегіше мәселелер қаралды:

  1. Жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы

Хабарламашы: Омарова Нұргүл Жігерқызы – аудандық білім беру бөлімінің басшысы;

Қосымша хабарламашы: Өтешова Ляйла Мұхитқызы – аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы;

  1. Бөкей ордасы ауданының жер қатынастары бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы.

Хабарламашы: Карин Руслан Ғабділманұлы – аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы;

  1. Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы;

Хабарламашы: Хайруллин Сүйінбек Жексенбайұлы – аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;

  1. Сайқын, Орда, Бисен ауылдық округтері әкімдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарған жұмыстары туралы

 Хабарламашы: Абдуллин Шыңғыс Тұрарбекұлы - Сайқын а/о әкімі;

                                   Құрмашев Кенжебек Асқарұлы  – Бисен а/о әкімі;

                                   Айтқалиев Әлібек Қанатбайұлы – Орда а/о әкімі

  Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша кеңес мүшелерінің ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, тиісті мекеме басшылары мен ауылдық округтер әкімдеріне хаттамалық ұсыныстар берілді.