Бүгін “Орал студенттер альянсы” корпоративтік қоры мен облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жалпы 80-ге жуық Батыс Қазақстан облысының белсенді жастары мен студенттері Т.Масина атындағы скверді тазалау шықты.
Аталмыш шара тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, отансүйгіштікті нығайтуға, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеуге негізделіп, жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. «Таза Қазақстан» акциясына жастардың атсалысуы – біздің болашаққа бей-жай қарамайтынымыздың дәлелі. Негізгі мақсатымыз да жастар қоғамның қозғаушы күші ғана емес, табиғаттың да қорғаны екенін көрсету.
- «Таза Қазақстан» акциясына жастардың атсалысуы – біздің болашаққа бей-жай қарамайтынымыздың дәлелі. Жастар – қоғамның қозғаушы күші ғана емес, табиғаттың да қорғаны. Бүгінгі “Орал студенттер альянсы” корпаративтік қоры мен облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырған шараға өңіріміздің 80 белсенді жасы қатысуда. Әрбір жас, әрбір отбасы – табиғатты аялауға үлес қосуы керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында: «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Табиғатты сақтау – әрбір азаматтың қасиетті борышы», – деп атап өтті. Демек бұл акция – жай ғана сенбілік емес, бұл – азаматтық ұстаным, қоғам болып қоршаған ортаға қамқорлық танытудың үлгісі, - «Орал студенттер Альянсы» Корпоративтік қоры директорының орынбасары Дархан Ануарбекұлы атап өтті.
Жалпы ағымдағы жылы облыс бойынша санитарлық жұмыстарға 24936 астам тұрғын және 1407 мекеме мен кәсіпорын қатысты. Акция аясында 11756 аула, оның ішінде 683 көпқабатты үйдің аумағы және 11073 жеке тұрғын үйдің аумағы жиналды.
Сондай-ақ, 237 саябақ пен скверді абаттандыру жұмыстары жүргізілді, 26519 ағаш көшеті, 10288 бұта отырғызылды, 4805 астам тротуар плитасы жөнделді. 816 әлеуметтік нысанның аумағы мен 126 тарихи-мәдени ескерткіштің аумағы тазартылды.
Экологиялық іс-шараларды өткізу үшін 2212 бірлік техника жұмылдырылды, соның арқасында 2141 тонна қоқыс шығарылды. Бұдан басқа, "Ғарыш сапары" АҚ анықтаған 192 заңсыз қоқыс үйінділерінің 158-і жойылып, қалған 34 қоқыс үйіндісін жою жұмыстары жалғасуда.