
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында БҚО, Шыңғырлау ауданына қарасты Ащысай ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункті халық игілігіне пайдалануға берілді.
Ашылу салтанатына қатысқан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов ауыл тұрғындарын жаңа медициналық нысанның ашылу салтанатымен құттықтады.
“Президенттің бастамасымен «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде 2023-2025 жылдары аралығында осындай 50 нысан салынып, ел игілігіне берілмек. Бұл ауылдық елді-мекендерде тұратын азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттырып, сапалы медициналық көмек көрсету - басты мақсатымыз. Ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтауда, алғашқы көмек көрсетуде фельдшерлік-акушерлік пункт маңызды рөл атқарады. Енді Ащысай ауылының тұрғындары да медициналық көмекті уақытылы және қолайлы жағдайда ала алады”,-деді облыс әкімінің орынбасары.
Жаңадан бой көтерген медициналық нысан заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Айта кетейік, жыл соңына дейін өңірде 20-ға жуық денсаулық сақтау ғимараттары ашылады. Бұл ауылдардағы медициналық қызметтің сапасын арттырып, медициналық мекемелердің инфрақұрылымын жаңарту және сапалы медициналық көмек көрсету үлкен қолдау болмақ.