Батыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңіне дайындық жұмыстары күшейтілген режимде жүріп жатыр

Батыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңіне дайындық жұмыстары күшейтілген режимде жүріп жатыр

Жайық өзенінің бойы нығайтылып, ұзындығы 100-км бөгеттер тұрғызылды.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өзен бойында орналасқан елді мекендерде су тасқынының алдын алу жұмыстарын тексеруде.

Облыс әкімінің кезекті сапары Теректі ауданында жалғасты. Бұл ауданда Жайық өзені бойына ұзындығы 14,7 шақырым дамбы салынды. Теректідегі жұмыстарға 694 адам, 120 техника жұмылдырылған.