Облыстық үш жақты комиссия отырысы өтті

Облыстық үш жақты комиссия отырысы өтті

 

31 тамыз 2023 жылы Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б. Нарымбетовтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссия (одан әрі – Комиссия) отырысы өтті.

Комиссия отырысына жергілікті атқарушы органдардың басшылары, кәсіптік одақтардың төрағалары мен жұмыс берушілер қатысты.

Отырыста еңбек қатынастарын реттеу, оның ішінде жалақы бойынша берешекті болдырмау, кәсіпорындардың ұжымдық шарттарының орындалуы сияқты мәселелерді шешу бойынша атқарылып жатырған шаралар туралы мәселелер қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.