ОРАЛДА «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ-2023» ӨҢІРЛІК БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ОРАЛДА «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ-2023» ӨҢІРЛІК БАЙҚАУЫ ӨТТІ

 

✔️Бүгін Орал қаласында облыс әкімдігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысының тауар өндірушілері арасында көрме-байқау ұйымдастырылды. Көрмеге химия, азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс бағыттарында жасалған тауарлар қойылған. Негізгі мақсат — жергілікті тауар өндірушілерді қолдау.

✨Төрт жылдан бері ағаштан түрлі бұйым жасайтын «Дәстүр» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Нұрсұлу Бисманова да бүгінгі көрменің қатысушысы ғана емес, жеңімпаздарының бірі атанды. Ол кәсібін одан әрі дамытып, халыққа кеңінен таныстыру мақсатында ас табақ, нан тақтай, майлық ұстағыш, тойбастар, сағат сияқты табиғи өнімнен жасалған бұйымдарын көрме көрерменіне ұсынды.

✨Бұл көрмеден Нұрсұлу секілді 40 кәсіпкердің түрлі бағыттағы өнімін тамашалауға мүмкіндік туды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев әрбір қатысушы компанияның ұсынған өнімімен танысып, олардың жұмыс барысында туындайтын мәселелерін сұрастырып, мемлекет көмегімен бизнесті дамыту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Байқау нәтижесінде "Қазақстанның үздік тауары" өңірлік көрме-байқауының келесі номинациялар бойынша жеңімпаздары анықталды:
🏆"Халық үшін ең жақсы тауар":
"Конденсат" АҚ, "Zhulduz" ЖК "Мария ханым" сән үйі, "Дәстүр" ЖК;
🏆"Өндірістік мақсаттағы үздік тауар":
"Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы" ЖШС, "Орал трансформатор зауыты" ЖШС, "ОК Орал кабель" ЖШС;
🏆"Үздік азық-түлік тауары":
"Балзия" ЖШС, "Сартаев" ЖК, "Қаз-ақбас" ЖШС.

✔️Аталған жеңімпаздар Астана қаласында өтетін "Қазақстанның үздік тауары -2023" республикалық байқау-көрмесіне жолдама алды.