Батысқазақстандық өндірушілер "ИННОПРОМ-2023" көрмесіне қатысты

Батысқазақстандық өндірушілер "ИННОПРОМ-2023" көрмесіне қатысты

 

10-13 шілдеде Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында "ИННОПРОМ-2023" ХІІІ халықаралық өнеркәсіп көрмесі өтті. Иннопром - өнеркәсіп пен сауда саласында жаңа тапсырыс беруші, жеткізуші, серіктес және инвестор тартуға мүмкіндік беретін халықаралық алаң.

Батыс Қазақстан облысынан "СтеклоСервис" ЖШС, "МашЗавод" машина жасау компанияларының консорциумы, "Орал Агрореммаш" АҚ, "Трубпром" ЖШС, "Гидроприбор" ҒЗИ" АҚ аталатын 5 компания қатысты.

Делегацияға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев жетекшілік етті. Ол түрлі өндірістік компаниялардың өкілдерімен бірнеше келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, "KSP Steel" Сауда үйі" ЖШҚ басшылығымен кездесіп, графиттелген электродтар өндірісі саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

"МашЗавод" машина жасау компанияларының консорциумы мен "КОНАР" АҚ арасында қызметтерінің ортақ бағыттары, оның ішінде кадрлар даярлау және жетекші еуропалық компанияларда оқудан өткен мамандарды тарту бойынша ынтымақтастық туралы ниеттер хаттамасына қол қойылды.
Сондай-ақ, көрме аясында облысымыздың бизнес өкілдері жиынтықтауыштарды сатып алу бойынша да, өнімді жеткізу бойынша да алдын ала уағдаластыққа ие болды. Өткізілген іс-шара өз нәтижесін беріп, қатысушылар арасында байланыс орнатуға, сондай-ақ өңіріміздің әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретініне сенеміз", - деді Е.Балтаев.

Көрменің қорытындысы бойынша аталған ауқымды шараға белсене қатысқаны үшін "Стеклосервис" ЖШС, "Трубпром" ЖШС, "Уральскагрореммаш" АҚ және "Гидроприбор" ҒЗИ" АҚ арнайы дипломдармен марапатталды.