Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау



ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы лауазымына Нұржан Ерболатұлы Мақсотов тағайындалды.

Нұржан Ерболатұлы 1978 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де оқытушы болып бастады.

Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы әділет басқармасының жетекші маманы, 10 жылдан астам Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратының бас маманы және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі, 2013-2020 жылдары аралығында БҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2020 жылдан бүгінгі күнге дейін БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры қызметін атқарды.