Облыс әкімі Нариман Төреғалиев облыс орталығындағы бірқатар демалыс орындары мен Жайық өзені жағалауының тазалығын пысықтады.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев облыс орталығындағы бірқатар демалыс орындары мен Жайық өзені жағалауының тазалығын пысықтады.



Табиғат аясына демалуға келген демалушылар мен тұрғындардың маңайға қоқыс тастайтындығы және табиғатты күл-қоқыстан тазартпайтындығы белгілі болды.

Өңір басшысы қала аумағындағы өзен-суларды, жайқалған жасыл желектерді таза ұстау қажеттігін ескертіп, қоқыс үйінділерін таяу арада тазарту мен қала тазалығын сақтау, жағалаудағы демалыс орындарына қауіпсіздік камераларын орнату бойынша сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.