️БҚО әкімі Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауында дауыс берді

️БҚО әкімі Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауында дауыс берді

Бүгін, 19 наурыз күні БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.

Аймақ басшысы өз таңдауын №521 сайлау учаскесінде жасады.

– Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде. Бұл – тарихи сәт. Бүгінгі сайлауды өткізу тәртібінің өзі де жалпы мемлекет тарапынан жасалып жатқан барлық жағдайлар арқылы әділ өтуде. Мемлекет басшысы айтқандай, жалпы саяси науқан кезінде саяси партиялар неғұрлым көп болса, соғұрлым еліміздің дамуы жақсара түсетіні сөзсіз. Парламенттің негізгі жұмысы сапалы заңдарды қабылдау болатын болса, бұл дегеніміз енді мемлекетіміз бен қоғамның дамуына атсалысатын жаңа заңдар болатыны сөзсіз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып әрбір қазақстандық дауыс берулері қажет деп есептеймін, - деді облыс әкімі.

zhaikpress.kz